ГлавнаяПаспорт отдела

Кент әкімінің сәлемдесуі


Сіздерді Ақтас  кенті әкім аппаратының ресми сайтында көргеніме қуаныштымын.

Ақтас кенті Қарағанды облысының аумағындағы ең көне кеншшілер кенттерінің бірі болып табылады.Оның құрылу тарихы тереңде жатыр. М.Зуева-Ордынцева жазушының айтуы бойынша «кенттің алғашқы  кірпіші 1945 Жеңіс  жылының күзінде қаланды», 1960 жылы ресми түрде Ақтас кенті болып құрылды.

Бүгінгі күнге Ақтас - жаңашыл, ілгері дамушы кент.Тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерінің тұрақты жұмыс істелуі, шағын және орта бизнестің берік дамуы, кенттің географиялық орналасуы тұрғындарға жайлы өмір сүруге мүмкіндік туғызады.

Сайттағы берілген мәліметтер қолданушыларға кент өмірінің әр түрлі саласында және атқарушы билік қызметтеріне бағыт алуларына септігін тигізіп, жұмыста уақытты үнемдеп, әкім аппараты мен барлық мүдделі тұлғалардың жемісті және өзара тиімді ынтымақтастықта  болуға көмектеседі.

 

Құрметпен, Ақтас кентінің әкімі                                                  Қ. Сүлейменов.

 

 

 
Департамент по защите прав детей Карагандинской области